жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Енді мектеп асханалары алдын ала ескертусіз тексерілетін болды

Енді мектеп асханалары алдын ала ескертусіз тексерілетін болды
istockphoto.com
Сенатта «Мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Талқылау барысында сенатор Мұрат Қадырбек жоспардан тыс тексеруге қандай дәлелдер мен негіздер қажет болатынын сұрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың айтуынша, жаңа түзетулер балалардың қауіпсіздігі мен тағам сапасын арттыруға бағытталған. Енді бақылаушы органдар мектеп асханасымен қатар, медициналық пункт пен спорт залды да кенеттен тексере алады.

"Бұрын біз ескерту жіберетінбіз. Ондай кезде субъект дайындалып, өзінің жағдайын дұрыстап үлгеретін. Сондықтан да өзгерістер енгізуге келісіп отырмыз", – деді Денсаулық вице-министрі Тимур Мұратов.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар