Энергетикалық нысандардың жұмысы онлайн-мониторинг жүйесі арқылы бақыланады
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Премьер-министр Үкімет отырысында Энергетика министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін «Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін» құру және оған қолдау көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Аталған жүйе онлайн-мониторинг арқылы энергетикалық нысандар жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.