жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ерлан Қарин Парламенттік жүйені жетілдіруге арналған ұсыныстардың қалай жиналатынын түсіндірді

Ерлан Қарин Парламенттік жүйені жетілдіруге арналған ұсыныстардың қалай жиналатынын түсіндірді
Aqorda
Бұл туралы Ерлан Қарин желідегі парақшасына мәлімдеді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жазба жариялап, Парламенттік жүйені жетілдіруге арналған ұсыныстардың қалай жиналатынын түсіндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

— Мемлекет басшысы Жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті.  

Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік e-Otinish платформасында және eGov сервисінде азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау ұйымдастырылады. Олар «Парламенттік реформа» атты арнайы бөлімге ұсыныстарын жолдап, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлес қоса алады. 

Парламенттік реформаны мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог арқылы жүзеге асыру Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарына толық сәйкес келеді, — делінген желіге жарияланған жазбада.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар