Ержан Ашықбаев АҚШ-тағы Қазақстан елшісі қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президенттің Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды", — делінген хабарламада.
Ержан Ашықбаев 2021 жылдың сәуір айында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалған еді. Бұған дейін ол Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.