Көлік жүргізуді үйрететін орталықтар Ішкі істер министрлігінің бақылауына өтеді
- авторБақытжан Бекболат
- 13 қазан, 2025
- 293
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрдің айтуынша, 2018 жылдан бері автокөлік мектептеріне мемлекеттік бақылау жүргізілмей келген.
«Барлығын жүйеге келтіріп жатырмыз. Өткен жылы өздігінен дайындалу тәртібі алынып тасталды. Барлық авто-мектеп есепке алынды. Курстар туралы куәліктер мен медициналық анықтамалар электронды форматқа ауыстырылды», – деді Ержан Сәденов Үкімет сағатында.
Сондай-ақ ол Ішкі істер министрлігі авто-мектеп ашуға рұқсат беру тәртібін енгізуді көздеп отырғанын айтты. Мұндай рұқсатты министрлік өзі бермек.
Ержан Сәденовтің айтуынша, еліміздегі жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі – көлік жүргізу мәдениетінің төмендігі мен жүргізушілерді даярлау сапасының нашарлығы.






