Келесі жылы кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды
- авторБақытжан Бекболат
- 15 желтоқсан, 2025
- 232
Премьер-министр Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының сауалына берген ресми жауабында жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысына қатысты маңызды жаңалықты айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Келесі жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде еңбек ететін жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік шеберлігі үшін лауазымдық жалақысының 30%-ы мөлшерінде қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр.
«Бұл мақсатта 2025–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 1,8 миллиард теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта Үкіметтің тиісті қаулысына толықтырулар әзірленіп, келісу процесінен өтуде», – деді Бектенов.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама аясында республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен спорт саласы қызметкерлеріне үстемеақы тағайындауға, ал ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға лауазымдық жалақысының кемінде 25%-ын құрайтын қосымша ақы төлеуге құқылы.
Айта кетейік, дене шынықтыру және спорт ұйымдарында қызмет ететін жаттықтырушылар азаматтық қызметшілер қатарына жатады. Үкімет қаулысына сәйкес, олардың жалақысы жыл сайын 20%-ке өсіп отыруы тиіс.
Ұқсас жаңалықтар
"Үсіп кеткен": БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның мәйіті табылды
- авторМағжан Орынбасар
- 15 желтоқсан, 2025
Биылғы жыл қазақстандықтар үшін несімен ерекшеленді
- авторБақытжан Бекболат
- 15 желтоқсан, 2025





