жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үкімет 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті

Үкімет 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Үкімет Президент тапсырмаларын орындау аясында 2030 жылға дейінгі ҚР өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру және өңірлердің тұрақты әрі теңгерімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков құжат халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және макроөңірлер мен дамудың басты бағыттары негізінде өңірлердің экономикалық әлеуетін ашуға бағытталғанын атап өтті. Бұл – агломерациялар, моноқалалар, тіреу ауылдар және жаңа Алатау қаласы. 

Құжатта әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымына қол жеткізудегі теңсіздіктерді азайтуға ерекше көңіл бөлінеді.

«Бүгінде Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес, елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейі 64%-ды құрады. Ал 2028 жылға қарай 70%-ға дейін өсу болжануда. Бұдан бөлек, 2030 жылға қарай елдегі жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнестің қосатын үлесі 40%-ға дейін жетпек»,  — деп атап өтті Бауыржан Омарбеков.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар