Үкімет халық қалаулыларының ұсынысын кезекті рет қабылдамады
- авторБақытжан Бекболат
- 24 желтоқсан, 2025
- 72
Оның сөзінше, агробанк құру идеясын Үкімет әлі де құптамайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
– Қазіргі уақытта агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне жеңілдікті қаржыландыруды ұсыну функцияларын бірқатар мамандандырылған ұйым ("Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "ҚазАгроФинанс" АҚ, "Даму" қоры) және кредиттік серіктестіктер жүзеге асырады. Аталған институттардың аграрлық секторды кредиттеу үшін қажетті инфрақұрылымы, тәжірибесі және нормативтік базасы бар. Олардың әлеуетін күшейту және қолданыстағы бағдарламаларды жетілдіру жаңа құрылым құрмай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаржы ресурстарына қолжетімділігін кеңейте алады, – делінген жауапта.
Олжас Бектеновтың айтуынша, осы мақсат үшін жаңа банк құру үлкен капиталды қажет етеді.
– Агробанк құру үшін капиталдандыруға, қызметті ұйымдастыруға және филиалдық желіні қалыптастыруға едәуір мемлекеттік шығын талап етіледі. Осыған байланысты бюджет қаражатын тиімді пайдалану және квазимемлекеттік секторды оңтайландыру қажеттілігін ескере отырып, ресурстарды қолданыстағы қолдау құралдарын жетілдіруге бағыттаған жөн деп санаймыз, – дейді Премьер-министр.






