Елімізде

Курчатов қаласында атом саласын зерттейтін ғылыми қалашық салынуы мүмкін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

Президент қазір жер қойнауын игерушілер өз табысының бір пайызын ғылымды дамытуға бөліп жатқанына мән берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, тағы бір өте маңызды бағыт – ядролық медицинаны дамыту.