Әлеуметтік инспекторлар 2025 жылы 1000-нан астам тексеру жүргізді
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 1000-нан астам тексеру жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1019 тексеру жүргізді, оның 410-ы жоспардан тыс, 350 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 259 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 497 ұйғарым берілді, 61,9 млн теңгеден астам сомаға 274 айыппұл салынды.
Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 63, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 217, мемлекеттік мекемелер – 72, балабақшалар – 36, мектептер – 125, колледждер, лицейлер – 16, ауруханалар, емханалар – 98, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 79, автобус парктері, авто/темір жол вокзалдары, әуежайлар – 38, ДК – 33, дүкендер – 54, сауда үйлері – 12, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 19, полиция пункті – 6, стоматология – 6, кітапхана – 4, мәдениет үйлері – 16, мұрағаттар мен мұражайлар – 5, санаторийлер – 11, пошта қызметі бөлімшесі – 6, спорт мектептері – 21, нотариус – 1, банктер – 18, оңалту орталықтары – 5, өзге де 58 объекті қамтылды.
Осылайша, ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті 1-топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде «Қазпошта» АҚ филиалының аудандық бөлімшесіне халықтың жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулілігі мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша субъектіге ұйғарым шығарылып, жауапты тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.