Құлсарыда сыныптастарын балтамен қуалаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- авторБақытжан Бекболат
- 6 ақпан, 2026
- 134
Атырау облысының Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы құрдастарымен болған жанжалдан кейін оларға балтамен шабуыл жасаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 5 ақпан күні болған. Салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған. Болған жағдайдан кейін жасөспірім оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай қолға түсті.
«Хабарлама түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірім анықталып, ұсталды. Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, Ішкі істер органдарының есебіне алынды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Сондай-ақ мектеп оқушысының ата-анасына баланы тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.






