Елімізде

Ұлттық басылым күні: Президент Қазақстан журналистерін құттықтады

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесші – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударды.

Президент мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді.