бейсенбі, 23 сәуір, 2026 15:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық ұландағы жаңа бастама: Үздік сарбаздар кіші сержант шенін иеленді

Ұлттық ұландағы жаңа бастама: Үздік сарбаздар кіші сержант шенін иеленді
Ұлттық ұлан
Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұлттық ұланда енгізілген жаңа бастаманың басты ерекшелігі – үздік сарбаздардың әскери қызмет барысында-ақ кіші сержант шенін иелену мүмкіндігі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кіші сержант Нұркелді Жайылхан – осы мүмкіндікті пайдаланған сарбаздардың бірі. Ол ҚР ІІМ Ұлттық ұланының оқу орталығында арнайы дайындықтан өтіп, әскери шенге ие болды. Қазіргі уақытта Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүр.

Айта кетейік, оқу орталығында алғаш рет білімі мен біліктілігін дәлелдеген үздік сарбаздарға кіші сержант шені табысталды. Іріктелген жауынгерлер оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, тағылымдамадан кейін жас сарбаздарды үйретуге тартылды.

Бүгінде олар дабыл кезінде бөлімшені ұйымдастырып, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға жетекшілік етеді. Сонымен қатар патрульдік топ бастығы ретінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысады.

Жалпы, бұл мүмкіндік 30 сарбазға берілді. Бастаманың тиімділігі – сарбаздар әскери қызметтен кейін уақыт жоғалтпай, күштік құрылымдарда қызметті бірден кіші сержант шенінен бастай алады.

Бұл жоба жас әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, олардың қызметке деген ынтасын едәуір күшейтіп отыр.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар