жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық қорда қанша ақша бар?

Ұлттық қорда қанша ақша бар?
Canva
Ұлттық қорға қаражаттың басым бөлігі мұнай секторынан түскен

1 қарашадағы жағдай бойынша Ұлттық қордағы қаражаттың жалпы көлемі 35,8 трлн теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz atamekenbusiness_qaz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Қаржы министрлігінің ресми есебіне сәйкес, 10 айда қорға 5,6 трлн теңге түскен, ал 4,57 трлн теңгесі жұмсалыпты. 

Қаражаттың басым бөлігі мұнай секторынан түскен. Мұнай компанияларынан түскен тікелей түсім көлемі 3,1 трлн теңгеге жуықтады. Қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс – 2,48 трлн теңге.  

2025 жылдың 1 қарашасына дейін қордан жұмсалған жалпы қаражат 4,57 трлн теңге болды: кепілдендірілген трансферт – 2 трлн теңге, мақсатты трансферт – 2,54 трлн теңге, қорды басқару мен сыртқы аудит шығындары – 36,7 млрд теңге.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар