сейсенбі, 5 мамыр, 2026 12:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мамыр айындағы мерекелік күндерге байланысты қосымша 16 мың пойыз билеті сатылады

Мамыр айындағы мерекелік күндерге байланысты қосымша 16 мың пойыз билеті сатылады
ҚТЖ
6-11 мамыр аралығында елдегі ең көп сұранысқа ие бағыттар бойынша пойыз құрамдарына 175 қосымша вагон тіркеледі.

Мамыр айындағы мерекелік күндерге байланысты жолаушылар ағынының артуын ескерген "Қазақстан темір жолы" компаниясы сұранысты қанағаттандыру мақсатында қосымша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

6–11 мамыр аралығында елдегі ең көп сұранысқа ие бағыттар бойынша пойыз құрамдарына 175 қосымша вагон тіркеледі. Бұл өз кезегінде жолаушылар үшін шамамен 16 мың қосымша орын ұсынуға мүмкіндік береді.

Аталған бастама мереке күндері билет тапшылығын болдырмауға және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Қосымша орындар Астана, Алматы, Павлодар, Түркістан, Атырау, Семей, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Өскемен сияқты ірі қалалармен қатар, Пресногорьковская, Қазалы, Саратов, Жезқазған, Сарыағаш, Новосибирск және Балқаш бағыттарын да қамтиды.

Жолаушылар теміржол билеттерін комиссиясыз ұлттық тасымалдаушының ресми сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан сатып ала алады. Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Пойыз қозғалысы туралы өзекті мәліметтерді онлайн режимде арнайы табло арқылы қадағалау мүмкіндігі де қарастырылған. Ал соңғы жаңалықтар мен хабарландырулар тасымалдаушының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тұрақты түрде жарияланып отырады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар