Мектептегі тамақтануды цифрландыру бюджет шығынын 30%-ға дейін қысқартты
Қазақстан GovTech бағытын және цифрлық мемлекеттік қызметтерді дәйекті түрде дамытып келеді.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкіметтің бір жылдағы қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Вице-премьер жаңартылған eGov Mobile қосымшасы ай сайынғы аудиторияны бір жыл бұрынғы 4,2 миллион пайдаланушымен салыстырғанда 6,4 миллион пайдаланушыға дейін арттырғанын атап өтті. EGov Business платформасы іске қосылды, ол арқылы бір жылда 4,6 млн қызмет көрсетілді.