Елімізде

Мектептерде жаңа пән пайда болуы мүмкін

Қазақстандағы мектептерде жол жүру ережелері бойынша міндетті пән енгізу ұсынылды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, қазақстандық мектептерде балаларды жолдағы қауіпсіздікке үйретуге жеткілікті уақыт бөлінбейді.

Соңғы жеті айда Қазақстанда 176 бала жол апатынан көз жұмды. Олардың жартысынан көбі – жолаушылар, қалғандары – жаяу жүргіншілер, сондай-ақ велосипед, самокат және мопед мінгендер.

Көп жағдайда балалар арнайы қауіпсіздік құралдарынсыз, немесе белдігі тағылмай тасымалданған.