Мемлекет басшысы қайтыс болған фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президент қайтыс болған фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды", – делінген хабарламада.