Елімізде

Нөсер жаңбыр, боран және көктайғақ: Синоптиктер алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болатынын айтты

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Соның әсерінен көптеген өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстік жартысында төменгі бұрқасын соғып, желдің екпіні күшеюі мүмкін.

13 қараша күні республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болжанып отыр. Сонымен қатар тұман түсіп, жолдарда көктайғақ орын алады деп күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстігінде ғана негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Күндізгі ауа температурасы келесідей болады:

Батыс өңірлерде: +8...+18°С;

Шығыста: -5...+5°С;

Оңтүстікте: +10...+18°С;

Солтүстік-батыста: +2...+13°С-тен -5...-10°С-қа дейін төмендейді;

Солтүстікте: 0...+5°С-тен -2...-7°С-қа дейін суытады;

Орталықта: 0...+8°С-тен -8...-3°С-қа дейін;

Оңтүстік-шығыста: +5...+15°С;

Таулы аймақтарда: 0...+5°С-тен -5...-10°С-қа дейін төмендейді.

Метеорологтардың мәліметінше, қараша айының ортасында ауа райының күрт құбылуы — маусымдық нормаларға сай құбылыс. Сондықтан мамандар тұрғындарға жылы киініп, көктайғақта сақ жүруге кеңес береді.