Нөсер жаңбыр мен тұман: Еліміздің өңірлерінде бүгінгі ауа райы қандай болады
- авторМағжан Орынбасар
- 6 сәуір, 2026
- 94
Қазгидромет 6 сәуірде елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің болжамы бойынша,Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Оралда найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақтауда кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Таразда түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматыда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с. Қонаевта түнде найзағай ойнайды. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша күндіз найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай, дауыл болады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде күндіз найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорғанда түнде найзағай ойнайды, жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Көкшетауда түнде және таңертең тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Облыстың тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктерлі аудандарында сақталады. Шымкентте күндіз найзағай, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда найзағай, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 6 сәуірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.
Ұлытау облысының шығысында тұман болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең тұман.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Астанада түнде тұман түседі.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы рекорд жаңартты
- авторБақытжан Бекболат
- 6 сәуір, 2026






