жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Найзағай, дауыл, бұршақ: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Найзағай, дауыл, бұршақ: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Pixabay.com
5 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, қыркүйектің 5–6 күндері Қазақстанның бірқатар облыстарында қатты жел, нөсер жаңбыр, бұршақ және найзағай күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сонымен қатар өрт қаупі жоғары болып отыр.

Жетісу облысы

5–6 қыркүйекте облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысы

Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, найзағай ойнайды. Дауыл тұрады. Желдің күші 15–20 м/с. Өңірдің батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда найзағай ойнап, жел екпіні күшеймек.

Атырау облысы

Солтүстік пен шығыста бұршақ пен дауыл болжанған. Оңтүстігінде күндіз найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін барады. Аймақта өрт қаупі өте жоғары. Атырауда да күндіз найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы

5–8 қыркүйек аралығында облыстың солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматы мен Қонаевта да осы аралықта өрт қаупі жоғары болып отыр.

Қызылорда облысы

Түнде орталықта шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында да дәл осындай жағдай күтіледі.

Қарағанды облысы

Оңтүстігінде жел күшейіп, жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді. Батысы мен солтүстігінде жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысы

Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысы

Солтүстік, шығыс және орталықта желдің күші 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары, шығысында төтенше деңгейде. Жезқазғанда да жел күшейіп, өрт қаупі артады.

Шығыс Қазақстан облысы

Солтүстік пен шығыста тұман болады. Кей жерлерде үсік жүреді деп болжанып отыр. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысы

Солтүстікте найзағай ойнап, орталық пен солтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с. Аймақ бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда да жағдай осындай.

Қостанай облысы

Орталықта найзағай күтіледі. Күндіз жел күшейіп, 15–20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде төтенше, батысында жоғары өрт қаупі бар. Қостанайда найзағай ойнайды.

Түркістан облысы

Таулы аудандарда жел күшейіп, жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі. Шымкент пен Түркістанда да осындай жағдай сақталады.

Павлодар облысы

Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысы

Солтүстік пен батысында найзағай, күндіз жел екпіні күшейеді. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбеде де найзағай ойнап, өрт қаупі жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Кей өңірлерінде найзағай, тұман күтіледі. Күндіз жел 15–20 м/с-қа жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола облысы

Батысы мен оңтүстігінде жел күшейеді. Өңірдің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысы

Оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да жағдай күрделі.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар