Елімізде

Облыс әкімі жастар газетін мерейтойымен құттықтады

Еркін форматта өткен кездесуде аймақ басшысы басылымның өңірлік ақпараттық кеңістікті дамытуға және жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Бүгін «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «AR-AI» жастар газетінің 20 жылдық мерейтойына орай облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Шерхан Мұртаза атындағы Баспасөз үйіне арнайы келіп, ұжыммен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аймақ басшысы алдымен «AR-AI» газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабайдың редакцияның 20 жылдық тарихынан сыр шертетін фотокөрмесін тамашалады. 

Кездесу барысында AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Данияр Асқарұлы облыс әкіміне жастар газетінің тарихымен таныстырып, мерейтойға орай ұйымдастырылған шаралар жөнінде қысқаша мәлімет берді. 

Өз кезегінде сөз алған Ербол Шырақпайұлы газет ұжымына ақ тілегін арнады.

Басқосу барысында редакция қызметкерлеріне мерейтойға орай 1 500 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.