Елімізде
"Қолдау кеңейтілуде": Құтқарушыларды әлеуметтік қолдау үшін қосымша ақы белгіленді
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қазан, 2025
- 265
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Биыл «Азаматтық қорғау туралы» Заңға елеулі өзгерістер енгізілді. Өнеркәсіптік, өрт, сейсмикалық қауіпсіздік талаптары мен жекелеген құрылыс нормалары күшейтілді. Өрттен сақтандыру механизмі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қолдау көрсетіледі.
«Заң шеңберінде тұрғын үй төлемдері, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақылар, төтенше жағдайлар кезіндегі міндеттерді орындағаны үшін қосымша ақылар белгіленіп, сауықтыру-курорттық ем алу тағайындалды. Сондай-ақ, соңғы екі жылда қызметкерлердің жалақысы айтарлықтай өсті», - деді спикер.






