"Қолдау кеңейтілуде": Құтқарушыларды әлеуметтік қолдау үшін қосымша ақы белгіленді
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Биыл «Азаматтық қорғау туралы» Заңға елеулі өзгерістер енгізілді. Өнеркәсіптік, өрт, сейсмикалық қауіпсіздік талаптары мен жекелеген құрылыс нормалары күшейтілді. Өрттен сақтандыру механизмі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қолдау көрсетіледі.