Елімізде

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Министрлік мәліметінше, жаңа оқу жылының басталуына байланысты желтоқсан айының алғашқы күндерінде Қарулы Күштердің барлық бөлімдері оқу дабылы бойынша жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындыққа келтіріледі. 

Осыдан кейін бөлімдер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды. 

Жекелеген бөлімшелер кешенді жауынгерлік дайындық сабақтары өтетін орындарға әуе, теміржол және автокөлік көлігімен жеткізіледі.