Елімізде
Қорғаныс министрлігі БҚО-дағы дрон жарылысына қатысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 23 қазан, 2025
- 999
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейтіп, мемлекеттік шекараны заңсыз бұзуға жол бермеу мақсатында қосымша қауіпсіздік шараларын енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
— Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ, — делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, дронның қайдан ұшып келгені мен оқиғаның нақты мән-жайын анықтау бойынша тексеріс жүргізілуде.
Келесі мақала
Республика күніне орай түзеу мекемесінде іс-шара өтті
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Енді ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект енгізілмек
- авторМағжан Орынбасар
- 30 сәуір, 2026






