Қорғаныс министрлігі кімдердің әскери борышын өтемеуге болатынын айтты
- авторБақытжан Бекболат
- 21 қараша, 2025
- 486
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің сөзінше, жаңа енгізілген «Smart военкомат» жүйесі әскерге шақыруға жатпайтын азаматтарды автоматты түрде анықтап, оларды шақырылатындар қатарынан өздігінен шығарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ең бастысы — азаматтарға ешқайда барудың, қосымша құжат жинаудың қажеттілігі болмайды.
Жүйе автоматты түрде әскери қызметтен босатылған немесе қызметке шақырылмайтын санаттарды бөліп көрсетеді. Оларға мыналар жатады:
1. Білім алып жүргендер
Университет пен колледждің күндізгі бөлімінде оқитын жастарға шақыру қағазы жіберілмейді.
Олар тек «оқуда болғаныңызға байланысты әскерге шақырылмайсыз» деген хабарлама алады.
Ал егер студент академиялық демалыс алса, оның әскери қызметке бару мүмкіндігі қайта қаралады.
2. Денсаулық жағдайы әскери қызметке жарамайтындар
Медициналық тексерістің қорытындысы бойынша жарамсыз деп танылған азаматтар.
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар автоматты түрде шақырылушылар тізімінен шығарылады.
3. Заң бойынша босатылған өзге санаттар
Әскери міндеттен босатылуы тиіс азаматтардың барлығы жүйе арқылы бірден анықталады.
Министрлік өкілінің айтуынша, жаңа цифрлық жүйе әскери комиссариаттарға бару қажеттілігін азайтып, шақырту процестерін толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді.






