Елімізде
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді
- авторБақытжан Бекболат
- 5 маусым, 2025
- 747
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.
Жиын соңында Президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Енді ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект енгізілмек
- авторМағжан Орынбасар
- 30 сәуір, 2026






