Елімізде

Президент Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Ресей патриархы екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті.

Айта кетейік, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Съезінің жұмысы басталды.