жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент Жолдауының нәтижесі: «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық қозғалысқа айналды

Президент Жолдауының нәтижесі: «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық қозғалысқа айналды
"AMANAT" партиясы
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бастаманың мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыру, табиғатты аялау мәдениетін дамыту және қоғамды қоршаған ортаны қорғауға кеңінен тарту, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Акцияға қатысушылар саны артып келеді: бүгінде 20 өңірде 10,4 млн-нан астам адам аулаларды, көшелерді, саябақтарды тазалау, ағаш отырғызу және өзге де шараларға атсалысты.

Мемлекеттік саясат және тұжырымдама

Президенттің тапсырмасымен 2024 жылдың қазан айында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Ол халықтың экологиялық санасын дамыту, экологиялық өмір салтын ынталандыру, ағартушылық, ақпараттық жұмыс және экологиялық білім беруді қамтиды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, құжат азаматтардың табиғатқа құрметін арттыруға және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталған. Бизнес пен ірі кәсіпорындардың рөлі де ерекше – олар экобастамаларды жүзеге асыруда негізгі серіктес саналады.

Акциялар мен аймақтық бастамалар

2025 жылдың басынан бері республика бойынша 767-ден астам іс-шара өтті. Олардың ішінде «Таза кәсіп – таза аймақ», «Киелі мекен», «Таза өлке», «Мөлдір бұлақ» сияқты акциялар бар. Бұл шаралар қоғамның түрлі топтарын біріктіріп, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуда.

Қалдықтарды басқару және инфрақұрылым

Елде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық шығарылады, оның 2024 жылы 25,8%-ы ғана қайта өңделді. Осыған байланысты қалаларда фандоматтар мен экобокстар орнатылып жатыр. Қазірдің өзінде Астана, Алматы, Ақтөбе, Өскеменде 100-ден астам фандомат жұмыс істейді.

Министрліктің мәліметінше, тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғандағы 129 мектепке мыңнан астам экобокс қойылды. Бұл шаралар полигонға түсетін қалдықты азайтуға әрі жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар