Президенттің осы жолғы АҚШ сапары айтарлықтай табысты өтіп жатыр – Ерлан Қарин
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында жазды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа ресми сапары нәтижелі өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, жуырда Қытайға жасалған сапарда жалпы құны 15 млрд долларды құрайтын 70 келісім рәсімделген болатын. Ал АҚШ-тағы келіссөздер барысында да ірі бизнес өкілдерімен бірқатар маңызды жобаларды іске асыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.