жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құрылыс тендерлері: 70 млрд теңгелік заңсыз схема әшкереленді

Құрылыс тендерлері: 70 млрд теңгелік заңсыз схема әшкереленді
Pixabay.com
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді

Алматы қаласында құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде жалған мәліметтер пайдаланған күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тергеу материалдарына сәйкес, 2021–2024 жылдар аралығында қылмыстық схеманың қатысушылары өздерімен байланысты немесе жалған компаниялар арқылы әрекет еткен. Олар конкурстық өтінімдерді бағалау кезінде рейтингті көтеру үшін жалған ақпарат ұсынған. Бұл тәсіл арқылы олар адал бәсекені айналып өтіп, мемлекеттік сатып алуларда ірі келісімшарттарды жеңіп алған.

Мұндай «қызмет» үшін ұйымдастырушылар 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған. Заңсыз табыс көлемі 664 миллион теңгеден асқан. Сол қаражатқа 11 автокөлік пен 12 жылжымайтын мүлік нысаны (бес тұрғын үй мен жеті жер учаскесі) сатып алынғаны анықталды.

Аталған схема аясында жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 70 миллиард теңгеге жеткен.

Қазіргі уақытта төрт күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар