Елімізде
Сұйытылған газды елден шығаруға қойылған шектеу тағы жарты жылға созылды
- авторБақытжан Бекболат
- 14 қараша, 2025
- 180
14 қарашадан бастап Үкіметтің тиісті қаулысы күшіне енді
Энергетика министрлігінің айтуынша, бұл қадам ішкі нарықтағы тапшылықтың алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тыйым автокөлік және теміржол көлігі арқылы пропан мен бутанды экспорттауға қатысты.
Алайда өнімді бөлісу жөніндегі келісімдер бойынша жұмыс істейтін компаниялар, халықаралық келісімдер аясындағы жобалар, сондай-ақ Қазақстан территориясы арқылы транзитпен өтетін жүктер бұл шектеуден босатылады.
Сонымен қатар гуманитарлық мақсатта жіберілетін газға да тыйым салынбайды. Министрлік уақытша қабылданған бұл шара ішкі сұранысты толық өтеу үшін қажет екенін атап өтті.






