сәрсенбі, 4 наурыз, 2026 17:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Серік Жұманғарин азық-түліктің қымбаттау себебін түсіндірді

Серік Жұманғарин азық-түліктің қымбаттау себебін түсіндірді
Үкіметтің баспасөз қызметі
Мұнда көптеген фактор бар.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жыл басынан бері азық-түліктің қымбаттау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Азық-түлік бағасының өсуін қосымша құн салығымен ғана байланыстыруға болмайды. Өздеріңізге белгілі, біз өзімізді азық-түліктың барлық түрімен толық қамтамасыз етіп отырған жоқпыз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының басым бөлігі бойынша өзімізді 70-90% деңгейінде қамтамасыз етеміз. Әлеуметтік маңызы бар өнімдерден бөлек, басқа да тауарларды тұтынатындар олардың импорттық болуы мүмкін екенін де түсінуі қажет", – деді Серік Жұманғарин.

Министр әлем бойынша азық-түлік қымбаттап жатқанын жеткізді. Әсіресе, сүт пен еттің бағасы өскен. 

"Бұл біздің өнімдердің экспорттық бағытта сұранысқа ие бола бастағанын білдіреді. Тиісінше фермерлер өнімін экспортқа сатқысы келеді, себебі ол жақта баға жоғары. Біз оларға "экспортқа сатпаңыздар, ішкі нарықта сатыңыздар" дейміз. Олар болса "біз табысымызды арттырғымыз келеді" деп жауап береді де, ішкі нарықтағы бағаны көтереді. Бұған тыйым сала алмаймыз", – деп атап өтті ол.

Серік Жұманғариннің айтуынша, қаңтардың қорытындысы бойынша Қазақстанда азық-түлік инфляциясы 0,8%, ал Ресейде 2% болған. Еліміз азық-түліктің көп бөлігін Ресейден алып отырғаны да айтылды. 

"Яғни, импорттық инфляция бар. Сол себепті бәрін қосылған құн салығының 4%-ға көтерілуінен көрген дұрыс емес. Мұнда факторлар өте көп", – деді Ұлттық экономика министрі.

Ведомство басшысы әр жағдайды жеке қарау қажет деген пікірде.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар