жұма, 30 қаңтар, 2026 13:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ШҚО-да 134 млн теңге пара алған басқарма басшысы ұсталды - ҰҚК

ШҚО-да 134 млн теңге пара алған басқарма басшысы ұсталды - ҰҚК
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ҰҚК мәліметінше, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған.

Оның жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасына заңсыз сыйақы алғаны анықталды.

Тінту барысында тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленген.

Сондай-ақ осы өңірдің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған.

Сот санкциясымен көрсетілген адамдар қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар