Шығыс Қазақстанда мұзды жару жұмыстары жүргізілуде
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайын едәуір қиындатуы мүмкін мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында облыста бірқатар алдын алу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Күршім ауданында Маралды және Теректібұлақ ауылдарының маңында өзендердегі мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл судың арнасынан аспай, еркін өтіп, аумақтарды су басудың алдын алуға мүмкіндік береді. Жалпы жүргізілген жұмыстардың көлемі 21700 шаршы метрді құрады.