жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкентте жаңа әкім орынбасары тағайындалды

Шымкентте жаңа әкім орынбасары тағайындалды
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Шымкент қаласында кадрлық өзгеріс болды. Бұған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Берденов өзге жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды. Оның орнына Арман Сәбитов келді. 

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Арман Сәбитұлы Сәбитов тағайындалды", - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Арман Сәбитұлы Сәбитов – 1984 жылы 20 сәуірде Шымкентте туған. Қазақ. Жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы – қаржы және несие, сондай-ақ экономика саласын құқықтық реттеу.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматыдағы «Азаматаудит» компаниясында аудитордың ассистенті болып бастаған. Кейінгі жылдары жеке секторда, мемлекеттік органдарда және өңірлік әкімдіктерде түрлі жауапты қызметтер атқарды.

2008–2012 жылдары – жеке сектордағы басқарушылық қызметтер;

2011–2016 жылдары – Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі;

2016–2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары;

2017–2019 жылдары – облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы (ОҚО, кейін Түркістан облысы);

2019–2020 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2020–2023 жылдары – Түркістан облысы әкімінің орынбасары;

2023–2025 жылдары – Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар