жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үсік, жаңбыр, қар: алдағы күндері ауа райы қандай болады

Үсік, жаңбыр, қар: алдағы күндері ауа райы қандай болады
Pixabay.com
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

«Қазгидромет» 28–30 қыркүйек аралығына арналған мегаполистердегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алдағы үш күнде Астанада түнгі құбылмалы температура мен үсіктер күтілсе, Алматы мен Шымкентте жылы күндермен қатар кей уақытта жаңбыр мен найзағай болады.

Астана. 28 қыркүйекте ауа райы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады; түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с-ке жетеді. Түнгі температура +8…+10°С, күндіз +10…+12°С болады. 29 қыркүйекте бұлт аралас, жауын-шашын жоқ; түнде +0…+2°С, күндіз +5…+7°С. Ал 30 қыркүйекте таңертеңгі тұман сақталып, түнде 1–3°С-қа дейін үсік болуы ықтимал, күндізгі ауа температурасы +3…+5°С-қа дейін салқындайды.

Алматы. Оңтүстік астана 28 қыркүйекте жылы әрі жауын-шашынсыз болады: түнде +14…+16°С, күндіз +25…+27°С, жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. 29 қыркүйекте күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел екпіні 13 м/с-тен жетуі мүмкін; түнгі +13…+15°С, күндіз +25…+27°С. 30 қыркүйекте кей жерлерде жаңбыр мен найзағай жалғасып, күндізгі температура +20…+22°С-қа түседі.

Шымкент. 28 қыркүйекте өте жылы күн болады: түнде +13…+15°С, күндіз +29…+31°С; жел оңтүстік-батыстан және батыстан 8–13 м/с. 29 қыркүйекте күндіз жаңбыр мен найзағай, желдің екпіні 15–20 м/с болуы мүмкін; күндізгі температура +26…+28°С. 30 қыркүйекте де кей жерде жаңбыр мен найзағай сақталып, түнде +12…+14°С, күндіз +22…+24°С шамасында ауа райы күтіледі. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар