Елімізде
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
- авторБақытжан Бекболат
- 23 қазан, 2025
- 632
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның көп бөлігінде ашық, жылы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Алдағы күндері де Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райын антициклонның сілемі анықтайды. Елдің көптеген өңірлерінде ашық, жылы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында циклон ойпатының ықпалынан жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) күтіледі.Республика аумағында желдің күшеюі болжанады, ал түнгі және таңертеңгі сағаттарда батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде тұман түсуі ықтимал.
Ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі күтілмейді", – делінген хабарламада.






