Соңғы үш жылда Қазақстанда 622 мектеп және 633 емхана салынды
Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Қазақстан халқының саны жыл сайын шамамен 250 мың адамға артып келеді, өсім орташа есеппен – 1,2%, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол жыл сайын 350 мың бала өмірге келетінін, кейбір жылдары 400 мыңға дейін бала туылатынын атап өтті. Бұл мектеп, балабақша, емхана салуды, педагогтер, дәрігерлер штатын ұлғайтуды қажет етеді. Сонымен бірге мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шығындары да өсуде.