Елімізде

Су ресурстарын цифрландыру: Қазақстанда DeepBas жүйесі енгізілмек

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевпен кездесті. Кездесуде тараптар су шаруашылығы саласын цифрландыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Атап айтқанда, су ресурстарын басқарудың интеграцияланған DeepBas жүйесін енгізу мәселесіне назар аударылды.

Жоба су балансын болжау дәлдігін арттыруға, ресурстарды бөлуді оңтайландыруға, құрғақшылық пен су тасқынына байланысты тәуекелдерді уақытылы анықтауға және алдын алуға бағытталған. Жүйе әртүрлі көздерден алынған деректерді біріктіруге және басқарудың негізделген шешімдерін қабылдауға арналған.

Кездесуге қатысушылар жобаның пилоттық бағыттарын және оны іске асыру мерзімдерін пысықтауға келісті, сондай-ақ DeepBas жүйесінің жұмыс принциптерін талқылады. Оған қоса, ақпараттық қауіпсіздік пен жерасты суын мониторингтеу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.