Елімізде

"Құтқарушылар көмекке келді". “Шымбұлақ” тау-шаңғы курортында аспалы жол тоқтап қалды

Курорттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 12:26-да тіркелген

Алматыдағы “Шымбұлақ” тау-шаңғы курортында 3200 метр биіктікте “Комби-2” аспалы жолы тоқтап қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құтқарушылар мен курорт қызметкерлері кабиналардан 21 адамды альпинистік құралдармен түсіріп, тағы 100-ден аса қонақты Талғар асуынан төмен жеткізді.

Курорттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 12:26-да тіркелген. Алдымен

резервтік қозғалтқыш іске қосылып, қонақтар ортаңғы станцияға жеткізілді. Кейін жөндеу ұзаққа созылатын болғандықтан, эвакуация альпинистік әдіспен жүргізілді.

14:54-те барлық қонақтар сәтті құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір “Комби-2” аспалы жолы уақытша істемейді, жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.