Тұман, жел, боран: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025
- 224
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Қазгидромет" РМК мамандарының дерегінше, алдағы тәуліктерде солтүстік антициклонының ықпалы әлсірей бастайды, және республиканың аумағына Атлантикалық циклон жылжи бастайды. Ол тұрақсыз ауа райын алып келеді: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, ал солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қарлы боран мен қар жауып, боран күтіледі.
"Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман сақталады.
Температуралық фон да өзгереді: солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде температура 5–15 градус аязға дейін көтеріледі, күндіз 0–5 градус аяз күтіледі. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде 0–5 градус аяз, күндіз 0–8 градус жылы ауа райы болжанады", – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






