жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістан облысында тұрғындар әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасырған

Түркістан облысында тұрғындар әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасырған
Pixabay.com
Бұл туралы Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді

Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек алуда заңбұзушылықтарға жол берілгені анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Прокуратура органдары азаматтардың өздерінің нақты табыстарын және отбасымен бірге тұратын мүшелерін жасыру арқылы мемлекет қаржысын иемденгенін мәлімдеді.

Тексеру барысында Сарыағаш ауданында – 11, Келес ауданында – 6, Мақтаарал ауданында – 2 тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алу үшін табыстарын жасырғаны белгілі болды. Соның салдарынан мемлекетке 4,2 млн теңге шығын келген.

Сонымен қатар, Келес ауданында тағы 13 азамат өтініш берген кезде бірге тұратын отбасы мүшелерін әдейі көрсетпей, жиынтық табысты төмендетуге тырысқан. Бұл әрекеттің нәтижесінде 2,2 млн теңге заңсыз алынған.

Аталған деректер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Уәкілетті органдар заңсыз иемденген қаражатты қайтару және кінәлілерді жауапқа тарту шараларын қолға алды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар