жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістанда 191 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған шенеунік ұсталды

Түркістанда 191 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған шенеунік ұсталды
istockphoto.com
Түркістан облысында Қоғамдық даму басқармасының басшысы бағыныштысымен бірге 191 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысындағы бірқатар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, Ветеринариялық қызмет басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру фактісі тергеліп жатыр», - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар