«Таза Qazaqstan» road-эстафетасы: Б.Момышұлы ауылындағы жастар белсенділік танытты
- авторБақытжан Бекболат
- 2 қазан, 2025
- 808
«Таза Qazaqstan» road-эстафетасы аясында Бауыржан Момышұлы ауылында жастармен кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шараға «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Уалихан Болатбек, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, эстафета амбассадорлары Ясса Танир мен Диас Талғатұлы, сондай-ақ облыстық «Жастар Рухы» ұйымының жетекшісі Ерғали Әбуғали қатысты.

Кездесу барысында қоқысты сұрыптау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Таза Qazaqstan» акциясының мақсаттары мен экология мәселелері талқыланды. Жергілікті белсенді жастар пікір алмасып, спикерлермен ашық әңгіме жүргізді.
Айта кетейік, road-эстафета тек тазалық жұмыстарына ғана емес, жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.







