жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Техникалық байқаудағы заңсыздықтар: Мәжіліс депутаты мәселе көтерді

Техникалық байқаудағы заңсыздықтар: Мәжіліс депутаты мәселе көтерді
Pixabay.com
Депутаттың айтуынша, бүгінде техникалық тексеріс жүйесінде ашықтықтың жеткіліксіздігі және заң бұзушылықтар жиі орын алып отыр.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Қазақстандағы көлік құралдарының техникалық жағдайына қатысты өзекті мәселе көтерді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдап, автокөліктерді техникалық байқаудан өткізудің қазіргі тәртібін қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Депутаттың айтуынша, бүгінде техникалық тексеріс жүйесінде ашықтықтың жеткіліксіздігі және заң бұзушылықтар жиі орын алып отыр. Осыған байланысты Жайымбетов бірнеше ұсыныс білдірді.

«Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбайтын жаңа емес жеңіл автокөліктеріне 2-3 жылда бір рет өткізілетін ашық әрі тиімді міндетті техникалық тексеріс жүйесін енгізу керек. Техникалық байқау саласындағы заң бұзушылықтарды құқық қорғау органдарымен бірлесіп кешенді тексеру қажет. Барлық техникалық тексеріс орталықтарын нақты талаптарға сәйкес қайта лицензиялау тәртібін қарастыру қажет», – деді депутат.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар