Қысқы демалыста қайда баруға болады? Шығыс Қазақстан облысындағы ТОП-7 бағыт
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 11:56
- 72
Туризм және спорт министрлігі отандық және шетелдік қонақтарға қыс мезгілінде баруға лайықты Шығыс Қазақстан облысындағы үздік 7 демалыс орнын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Алтай Альпілері» тау-шаңғы курорты
Ерекшелігі:
Бұл курортта қар жасайтын қондырғылар қолданылмайды. Табиғи, жұмсақ әрі үлпілдек қар («пухляк») фрирайд әуесқойлары үшін таптырмас мүмкіндік. Маусым қараша айында басталып, сәуірдің ортасына дейін жалғасады, қар қалыңдығы 1,5 метрге дейін жетеді.
Қысқы белсенді демалыс:
Шаңғы және сноуборд, фрирайд, түнгі сырғанау, отбасылық демалыс.
Орналасқан жері:
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласынан 22–30 км (Горная Ульбинка шатқалы).
Жыл бойы көруге болады:
Пантамен емдеу орталығы (пант ванналары), жазғы жаяу серуен, атпен серуендеу және балық аулау.
«Нұртау» тау-шаңғы курорты
Ерекшелігі:
Қар жасайтын заманауи жүйе трассалардың сапасын ауа райына қарамастан сақтайды. Екі бугельді көтергіш пен жылы беседкалар бар.
Қысқы белсенді демалыс:
Түнгі сырғанау, отбасына арналған «ватрушка» трассасы.
Орналасқан жері:
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Өскемен қаласынан 35 км.
Жыл бойы көруге болады:
Жазғы волейбол және футбол алаңдары, пикникке арналған беседкалар, корпоративтік және салтанатты шаралар өткізу мүмкіндігі.
«East Pole» тау-шаңғы курорты
Ерекшелігі:
Қар қоры мол, «жабайы шығыс» атмосферасы, алуан түрлі табиғи ландшафт.
Қысқы белсенді демалыс:
Фрирайд турлары, сноутюбинг, шаңғы және сноуборд.
Орналасқан жері:
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы.
Жыл бойы көруге болады:
Қыста қарда жүретін техникамен серуен, жазда жаяу туризм, жабайы жидек теру, ғасырлық тайгада тынығу.
«Zarechye» парк-отелі
Ерекшелігі:
Авторлық дизайн, дамыған инфрақұрылым және тыныш, оқшау демалыс.
Қысқы белсенді демалыс:
Қысқы серуендер, монша мен SPA, шаңғы жолы, снегоход турлары.
Орналасқан жері:
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласынан 60 км.
Жыл бойы көруге болады:
Үйлену тойлары мен корпоративтерге арналған алаңдар, әсем фотосессиялар, «цифрлық детокс» форматындағы демалыс.
Altai Mountain Resort
Ерекшелігі:
Заманауи көтергіштер, стильді сәулет, толыққанды инфрақұрылым.
Қысқы белсенді демалыс:
Шаңғы және сноуборд, түнгі сырғанау, жылдамдық пен адреналинге бағытталған трассалар.
Орналасқан жері:
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласына жақын маңда.
Жыл бойы көруге болады:
Жаяу және веложолдар, әртүрлі деңгейдегі трассалар, заманауи прокат, жайлы қонақүй және панорамалық мейрамхана.
«Слияние» демалыс базасы
Ерекшелігі:
Ерекше табиғи көрініс, эко-стиль, дамыған инфрақұрылым.
Қысқы белсенді демалыс:
Қысқы балық аулау, монша рәсімдері, камин жанындағы тыныш кештер.
Орналасқан жері:
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласынан 40 км. Елді мекендерден алыс орналасқан, табиғатпен толық үндесу үшін қолайлы.
Жыл бойы көруге болады:
Жазғы рафтинг пен шомылу, тайгада жидек теру, маусымаралық фотоаңшылық, жағалаудағы жайлы пикниктер.
Коробиха ауылындағы демалыс аймағы
Ерекшелігі:
Агротуризм, дәстүрлі ауыл тұрмысы, балымен танымал өлке. Ауыл стиліндегі қонақ үйлер, хош иісті сыпырғышы бар моншалар, атпен саяхаттар.
Қысқы белсенді демалыс:
Қар үстінде атпен серуен, дәстүрлі және фотоаңшылық, мұз ойығы бар орыс моншасы.
Орналасқан жері:
Катонқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы. Биік таулар мен қалың орман қоршаған терең аңғар.
Жыл бойы көруге болады:
Дәрілік шөптер мен жабайы өсімдіктер жинау, аңғардағы ғажайып тұмандарды тамашалау, шөп шабу немесе бал жинау жұмыстарына қатысу, староверлердің тұрмысымен танысу.





