жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытайлық инвестор Қазақстанда техникалық қарасора мен ет өңдеу жобаларын іске асыруға ниетті

Қытайлық инвестор Қазақстанда техникалық қарасора мен ет өңдеу жобаларын іске асыруға ниетті
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов қытайлық «Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Шу-хэмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Инвестор Қазақстанда техникалық қарасораны өсіру және қайта өңдеу жобасын іске асыруға ниет білдірді. Өсімдік құрамындағы тетрагидроканнабинолдың рұқсат етілген мөлшері (0,3%-дан аспайды) халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және оның психоактивті қасиеттерін жоққа шығарады. Алынатын шикізат медициналық препараттар, биологиялық белсенді қоспалар және тоқыма өнеркәсібі өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын болады. Бұдан бөлек, инвестор ет өңдеу саласындағы жобаны жүзеге асыруға да қызығушылық танытты.

Ғ.Оспанқұлов фармацевтика және ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу саласындағы жобаларды дамыту Қазақстан инвестициялық саясатының басымдықтарына сәйкес келетінін атап өтті. Ол мемлекет қажетті қолдау көрсетіп, тиісті ведомстволармен үйлестіруді қоса алғанда, толық сүйемелдеу шараларын қамтамасыз етуге дайын екенін ерекше айтты.

Өз кезегінде Ли Шу-хэ Қазақстан ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласында жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайға ие екенін атап өтті. Ол компанияның Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаның параметрлерін талқылауды жалғастыруға және Қазақстан аумағында практикалық іске асыру мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар