дүйсенбі, 2 ақпан, 2026 17:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Зейнеткерлерге пойыз билеттеріне 25 пайыз жеңілдік берілді

Зейнеткерлерге пойыз билеттеріне 25 пайыз жеңілдік берілді
Фото: ҚТЖ
Енді 60 жастан асқан азаматтар QURMET дисконттық картасы арқылы пойыз билеттерін 25% жеңілдікпен сатып ала алады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ел ішінде теміржолмен қатынайтын жолаушылар үшін жаңа жеңілдіктер ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Енді 60 жастан асқан азаматтар QURMET дисконттық картасы арқылы пойыз билеттерін 25% жеңілдікпен сатып ала алады.

QURMET картасы Ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында жарамды және купе, плацкарт, сондай-ақ отыратын вагондарда орын санына шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді. Картаның құны — 3000 теңге, жарамдылық мерзімі — 1 жыл.

Сонымен қатар, жастарға арналған KETTİK33 дисконттық картасы енгізілді. Бұл карта 15–25 жас аралығындағы жолаушыларға купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға 33% жеңілдік береді. Картаның құны мен жарамдылық мерзімі — QURMET картасымен бірдей.

Дисконттық карталар тек иесінің атына рәсімделеді және басқа тұлғаларға берілмейді. 

Картаны тек теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және (қалау бойынша) электрондық пошта арқылы рәсімдеуге болады.

Жеңілдіктер билет кассаларында немесе bilet.railways.kz сайты арқылы сатып алынған билеттерге ғана қолданылады. 

Екінші деңгейлі банктердің платформаларында алынған билеттерге жеңілдік қарастырылмайды.

Айта кетейік, дисконттық карталар мерекелік және каникул кезеңдерінде қолданылмайды. Атап айтқанда:

2026 жылғы 20–29 наурыз аралығы;

2026 жылғы 25–30 желтоқсан аралығы;

маусым–тамыз айлары.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар